В разработке...

ICP260 компрессорлық суытқышы
бар инкубатор

Компрессорлық суыту жүйесі бар ICP сериялы инкубаторымыз бағдарлама бойынша (рампа режимінде) жұмыс істеу кезінде қыздыру және суыту фазалары арасында жылдам әрі дәл ауысуды талап ететін барлық жағдайларда тамаша нәтижелерді қамтамасыз етеді.
Дәл бапталған басқару технологиясының арқасында температура белгіленген мәндерге мінсіз дәлдікпен жетеді, бұл ретте энергияны көп қажет ететін қуаттың күрт ауытқуларына қажеттілік туындамайды.

Қауіпсіздікті бақылау
  • Температураны шектегіш: номиналды температурадан шамамен 10 °C-қа асқан кезде қыздыруды өшіруге арналған TB механикалық температура шектегіші (DIN 12880 стандартына сәйкес 1-қорғаныс класы).
  • Температураны мониторингілеу: температураның көтерілуін және төмендеуін бақылайтын TWW жүйесі (3.3-қорғаныс класы) немесе реттелетін TWB температура шектегіші (2-қорғаныс класы), дисплейде таңдалады.
  • AutoSAFETY жүйесі: қосымша кірістірілген «ASF» қатты қызып кетуден және шамадан тыс суып кетуден қорғау жүйесі.
  • ASF жұмысы: белгіленген рұқсат етілген ауытқу диапазоны шегінде автоматты түрде берілген мәнге сәйкес жүреді.
  • Дабыл: температура көтерілгенде немесе төмендегенде іске қосылады.
  • Жүйелерді өшіру: температура көтерілгенде қыздыруды өшіру, температура төмендегенде компрессорды өшіру.
  • Автодиагностика: ақауларды талдауға арналған кірістірілген автодиагностика жүйесі.
  • Ескерту: визуалды және дыбыстық сигналдар.
Қыздыру және суыту тұжырымдамасы
  • Ауа көйлегі (рубашкасы): жан-жақты ұқыпты қыздыруға арналған ауа көйлегі бар қыздыру жүйесі.
  • Кеуіп кетуден қорғау: терморубашканың жұмыс камерасынан бөлінуі арқасында суыту құрылғысының әсерінен үлгілердің кеуіп кетпеуі қамтамасыз етіледі.
  • Суыту: құрамында фреон хладагенттері жоқ, энергияны үнемдейтін суыту/қыздыру жүйесін пайдалану (R290 Пропан хладагенті).
  • Еріту: жоғары тиімді автоматты еріту жүйесі.
Стандартты жабдықталуы
  • Калибрлеу: +10 °C және +37 °C температураларына арналған зауыттық калибрлеу сертификаты.
  • Сыртқы есігі: екі нүктелі бекіткіші (қыспалы құлып) бар, толық оқшауланған тот баспайтын болаттан жасалған есік.
  • Ішкі есігі: шыны есік.
  • Жабдықтар: электрлік жылтыратылған тот баспайтын болаттан жасалған 2 тор көзді сөре.
Тот баспайтын болаттан жасалған ішкі камера (кеңістік)
  • Өлшемдері (Е x Б x Т): 640 x 800 x 500 мм (желдеткішке байланысты тереңдігі 33 мм-ге азайтылған).
  • Көлемі: 256 л.
  • Сөрелердің макс. саны: 9.
  • Камераға түсетін макс. жүктеме: 200 кг.
  • Бір сөреге түсетін макс. жүктеме: 20 кг.

Текстураланған тот баспайтын болаттан жасалған корпус
  • Өлшемдері (Е x Б x Т): 824 x 1552 x 684 мм (есік тұтқасы есебінен тереңдігі 56 мм-ге ұлғайтылған).
  • Монтаждау (орнату): бекіткіші бар бұрылмалы дөңгелектерге (роликтерге) орнату.
  • Артқы панель: мырышталған болат.

Электрлік параметрлері
  • 230 В нұсқасы: 230 В, 50/60 Гц, электрлік қуаты шамамен 1200 Вт.
  • 115 В нұсқасы: 115 В, 50/60 Гц, электрлік қуаты шамамен 1200 Вт.

Қоршаған орта шарттары
  • Орнату: артқы қабырғадан ғимарат қабырғасына дейінгі қашықтық — 15 см-ден кем емес.
  • Саңылаулар: жоғарыдан — 20 см-ден кем емес, бүйір жағынан қабырғаларға немесе көршілес аспаптарға дейін — 5 см-ден кем емес.
  • Ауа температурасы: 15 °C-тан 28 °C-қа дейін (шектеулі температура диапазонымен 34 °C-қа дейін).
  • Ауа ылғалдылығы: салыстырмалы ылғалдылық макс. 70 %, конденсациясыз.
  • Орнату биіктігі: теңіз деңгейінен макс. 2000 м.
  • Асқын кернеу санаты: II.
  • Ластану дәрежесі: 2.

Тасымалдау және қаптау деректері
  • Тасымалдау: аспаптарды тік күйде тасымалдау қажет.
  • СЭҚ ТН коды (Код ТН ВЭД): 8419 8998.
  • Шығарылған елі: Германия Федеративтік Республикасы.
  • WEEE тіркеу нөмірі: DE 66812464.
  • Қораптағы өлшемдері (Е x Б x Т): шамамен 930 x 1760 x 930 мм.
  • Нетто салмағы: шамамен 157 кг.
  • Қораптағы брутто салмағы: шамамен 214 кг.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР
Температура
  • Реттеу диапазоны: -12-ден +60 °C-қа дейін.
  • Жұмыс диапазоны: -12-ден +60 °C-қа дейін.
  • Режим ерекшеліктері: қоршаған орта температурасы +16-дан +34 °C-қа дейін болғанда тоңазытқыш агрегаттың оңтайлы жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі.
  • Шектеулер: аспап үлгілерді теріс (минус) температурада ұзақ уақыт сақтауға арналмаған.
  • Ескертпе: теріс температурада үздіксіз пайдаланған кезде ішкі шыны есікті қырау басуы (мұз қатуы) мүмкін.
  • Реттеу дәлдігі: 0,1 °C.
  • Температура датчигі: 4 сымды схема бойынша жалғанған 2 дана Pt100 датчигі (DIN, А класы).
  • Датчиктердің өзара мониторингі: істен шыққан жағдайда бір-бірінің функцияларын қайталайды (дублирлейді).
Басқару технологиясы
  • Басқару панелі: TwinDISPLAY ControlCOCKPIT.
  • Контроллер түрі: адаптивті көпфункционалды цифрлық PID-микропроцессорлық контроллер.
  • Дисплейлер: жоғары ажыратымдылықты 2 түрлі-түсті TFT-дисплей.
  • Тіл параметрлері: неміс, ағылшын, испан, француз, поляк, чех, мажар (венгр), италия, қытай тілдері.
  • Таймер: мақсатты уақытты орнату мүмкіндігі бар цифрлық кері санақ есептегіші (1 минуттан 99 күнге дейін).
  • SetpointWAIT функциясы: процесс уақытын санау белгіленген температураға жеткеннен кейін ғана басталады.
  • Калибрлеу: еркін таңдалатын үш температура мәні бойынша.
  • Реттелетін параметрлер: температура (°C немесе °F), желдеткіштің айналу жылдамдығы, бағдарлама уақыты, уақыт белдеулері, жазғы/қысқы уақытқа көшу.
Байланыс және құжаттама
  • Деректерді архивтеу: электр қуаты өшіп қалған жағдайда бағдарлама жадта сақталады.
  • Бағдарламалау: бағдарламаларды жасау, басқару және тасымалдау үшін USB-дискідегі AtmoCONTROL бағдарламалық жасақтамасы (БЖ).
  • Интерфейстер: деректерді Ethernet интерфейсі немесе USB порты арқылы тасымалдау.
Product specification
ӘДЕБИЕТ
Made on
Tilda