SS 316L тот баспайтын болаттан жасалған корпус – тазалау мен дезинфекциялауды жеңілдетеді.
Ықшам үстел үсті дизайны – аз орын алады, орнатуға және пайдалануға ыңғайлы.
Қолдануға дайын құтылар – алдын ала стерильденген
бір рет қолданылатын бөтелкелер (disposable bottles).
- Культивирлеуге қолайлы орта:өте төмен сдвигтік кернеу (shear stress) жағдайларын қамтамасыз етеді;
- көбік түзілмейді және оттегінің (O₂) жеткізілуіне шектеу болмайды.
Үйлесімділігі –
сарысусыз қоректік орталардың (serum-free media) көпшілігімен жұмыс істейді.
- Макрокеуекті тасымалдағыштардың беті:адгезиялық (анкерге тәуелді) жасушалардың көпшілігін өсіруге жарамды;
- бүтін жасушаларды, жасушалық компоненттерді немесе секрецияланатын ақуыздарды оңай жинауға мүмкіндік береді.
Үлкен өсу бетінің ауданы – бір құтыда адгезиялық жасушаларды өсіруге арналған
15 000 см²-ге дейін.
Жоғары өнімділік –
төрт құтыдан тұратын жүйені пайдаланған кезде айына
жүздеген миллиграмнан бірнеше грамға дейін секрецияланатын ақуыздар немесе
моноклоналды антиденелер алуға мүмкіндік береді.
Оңай оңтайландыру – процесті баптау үшін қажетті параметрлер саны аз.
Икемді жұмыс режимдері –
мерзімді (batch),
қоректік ортаны кезең-кезеңімен толықтыру (fed-batch) немесе
рециркуляция режимінде культивирлеуді қолдайды.
Масштабталуы – өндірістік деңгейге
TideXcell пилоттық биореакторы арқылы немесе қолданылатын құтылар санын тікелей көбейту арқылы оңай көшуге болады.