В разработке...
Сіздерді Laborin веб-сайтына қош келдіңіздер деп қуаныштымыз!
Laborin (Laborin LLC) АҚШ, Еуропа, Оңтүстік Корея және Сингапурдағы 30-дан астам жетекші әлемдік өндірушілердің зертханалық және технологиялық жабдықтарын жеткізеді. Бұл біздің өнімдеріміздің жоғары сапасын және техникалық шешімдеріміздің сенімділігін қамтамасыз етеді.
Біздің компания сапаны бақылау, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар және фармацевтикалық өндіріс үшін жабдықтарды жеткізуде сарапшы ретінде өзін көрсетті. Біз заманауи аналитикалық қиындықтардың күрделілігін түсінеміз, сондықтан біз тек дәлелденген әлемдік технологиялар мен сертификатталған өнімдерді ұсынамыз.
Біздің миссиямыз
Озық әлемдік технологияларға қолжетімділікті қамтамасыз ету және олардың мінсіз жұмысын қолдау арқылы ғылым мен өнеркәсіптің прогресіне (дамуына) ықпал ету.
Біздің міндетіміз
Жоғары технологиялық жабдықтарды таңдаудан, метрологиялық сүйемелдеуден, валидациядан бастап Сіздің қызметкерлеріңізді кәсіби оқытуға және сервистік қолдау көрсетуге дейінгі дайын «кілтпен» шешімдерді жасау.
Біздің құндылықтарымыз
Ғылым мен индустрияны бұлжытпайтын толық дәлдіктегі шешімдермен қамтамасыз етеміз, нәтиже үшін толық жауапкершілікті өзімізге ала отырып, адал серіктестік орнатамыз.
Қызметтер тізімі:
  • Сіздің талаптарыңызға сәйкес келетін жабдықты таңдау;
  • Жабдықты инсталляциялау (орнату), іске қосу-реттеу жұмыстары;
  • Сіздің қызметкерлеріңізді кәсіби оқыту;
  • Метрологиялық сүйемелдеу;
  • Жабдықтың квалификациясы (біліктілігін бағалау);
  • Кепілдікті және кепілдіктен кейінгі сервистік қызмет көрсету.
Сізбен бірлесіп жұмыс істеуге қуаныштымыз!

Made on
Tilda