Пайдалану сипаттамалары
· Төрт микропланшетті бір уақытта шайқауға арналған оңтайлы конструкция.
· Дәл және қайталанатын араластыруды талап ететін тапсырмалар үшін өте қолайлы.
· Микропроцессорлық ПИД-контроллер.
· 150-ден 1200 айн/мин дейінгі жылдамдықтардың кең ауқымы.
· Амплитудасы (диаметрі) 3 мм болатын орбитальды қозғалыс.
· Үлгілердің ластануын болдырмауға арналған бірқалыпты іске қосу (плавный пуск) функциясы.
· Бірқалыпты, дыбыссыз, біркелкі және қуатты шайқауды қамтамасыз ететін, техникалық қызмет көрсетуді қажет етпейтін қылшақсыз қозғалтқышпен (BLDC) жабдықталған.
Пайдалану ыңғайлылығы
· Сенсорлық пернетақтасы бар жарық және айқын вакуумды-флуоресцентті дисплей (VFD).
· Берілген уақыт аралығында жұмыс істеуге арналған бір рет басу арқылы қосылатын таймер (1 минуттан 99 сағат 59 минутқа дейін).
· Ықшам және жеңіл дизайны құрылғыны тоңазытқыш камераларда немесе инкубаторларда пайдалануға мүмкіндік береді.
· Әртүрлі зертханалық қажеттіліктерге арналған аксессуарлардың кең таңдауы.
· Көлемі 1,5 мл микропробиркаларға, сондай-ақ көлемі 15 мл және 50 мл конустық пробиркаларға арналған қосымша штативтер қолжетімді.
Қауіпсіздік
· Қателерді анықтауға арналған өзін-өзі диагностикалау функциясы.
· Полипропиленнен жасалған корпус жоғары химиялық төзімділікке ие және оңай тазаланады.
· Токтың шамадан тыс жүктелуінен қорғау.