Өнімдер ағынын және қоспаларды бақылауға арналған құрылғылар
Елеуіштеріңіз бен сепараторларыңыздың тиімділігін оңтайландырыңыз
Кейбір жағдайларда, әсіресе тексерудің жоғары көлемінде немесе жіктеу (классификациялау) қолданысында, өнім толық еленіп үлгергенге дейін тордан шығып кетуі мүмкін. Материалдар мерзімінен бұрын шығарылған кезде, бұл жақсы сапалы өнімнің ысырап болуына (жоғалуына) әкелуі мүмкін.
Торлы экрандарды сақтау
Russell Frame Guard™ – бұл торлы экрандар мен магнитті сепараторлар пайдаланылмайтын кезде, оларды зақымданудан және ықтимал ластанулардан қорғауға арналған мұқият әзірленген, жоғары сапалы, берік сақтау жүйесі.
Тығыздауыштар мен төсемдер
Тығыздауыштарыңыз бен төсемдеріңіздің жақсы күйде екеніне көз жеткізу арқылы сіз жабдығыңыздың ұзақ қызмет ету мерзімін қамтамасыз етесіз. Көпжылдық тәжірибеміздің арқасында біз қолданыстардың басым бөлігі үшін өнімділік пен сертификаттау талаптарын қанағаттандыратын материалдарды таңдап алдық.
Russell суперқысқышы (суперзажимі) оңтайлы өнімділікті қамтамасыз етеді
Russell Superclamp қысқыштары (патентке өтінім берілген) – бұл тұрақты және біркелкі бекіту қысымын қамтамасыз ететін инновациялық жылдам алынатын қысқыштар.
Магнитті сепаратор
Бақылау елеуіштеріне арналған Russell Easy-Clean Magnetic Separator магнитті сепараторы
Толығымен баспайтын болаттан жасалған бұл магнитті сепаратор құрғақ ұнтақтарды бақылау мақсатында елеу кезінде темір қоспаларының (қоқыстарының) мәселесін толық жоюға арналған.
Russell Vibrastop діріл бәсеңдеткіші (виброгаситель)
Russell Vibrastop™ діріл бәсеңдеткіші – діріл қондырғысын іске қосу және тоқтату кезіндегі шамадан тыс діріл мен шуды басуға арналған дірілдеуіш елеуіштерге (виброситоларға) арналған революциялық жетілдіру. Russell Vibrastop™ діріл бәсеңдеткіші әдеттегі іске қосу құрылғыларының орнын басады және елеуіштердің резонанстық жиілігін бақылайды, бұл олардың дерлік лезде тоқтауын қамтамасыз етеді.
Шаңмен күрес және қорғаныс қабықшасы
Қауіпті немесе уытты (токсинді) ұнтақтарды елеу кезінде шаңды бақылау
Операторлардың қауіпті немесе уытты ұнтақтармен жанасу қаупі өте жоғары, әсіресе өнімдерді жүйелі түрде ауыстыру немесе жоспарлы техникалық қызмет көрсету кезінде. Russell Finex компаниясы өнімдерді барынша іште ұстап тұруды және операторлардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған бірқатар жүйелерді ұсынады.
Торды бұғаттаудан босату (тазалау) жүйелері
Ұнтақтың тұрып қалуы немесе тор көздерінің бітелуі — өнімділікті төмендететін және сапалы өнімнің ысырап болуын арттыратын кең таралған мәселе. Бұл мәселені шешудің бір жолы торды қолмен тазалау болып табылады, бірақ бұл тордың зақымдануына әкелуі мүмкін, сондай-ақ көп уақыт пен еңбектіетінді талап етеді. Russell Finex компаниясы тордың жұмысын оңтайландыруға арналған бірқатар шешімдерді ұсынады және біз елеуіштерді де, ультрадыбыстық деблиндинг (тазалау) жүйелерін де өндіруші әрі жеткізуші жалғыз компания болып табыламыз.