Конструкциясы
Коррозияға қарсы өңдеуден өткен және ПВХ-жабыны бар, ыстықтай мырышталған болаттан жасалған сыртқы корпус. Ішкі камерасы Scotch-brite тот баспайтын болатынан дайындалған.
Оқшаулау (Изоляция)
Термооқшаулау қалыңдығы — 60 мм. Өнімдердің тамаша сақталуы және барынша энергия үнемдеу үшін құрамында CFC (фреон) жоқ, тығыздығы жоғары пенополиуретанды айдау (бүрку) арқылы жасалған.
Есіктері
Мінсіз жанасуды қамтамасыз ету үшін төрт жағынан магнитті тығыздағышы бар, өздігінен жабылатын екі шыны есік (сәулелену коэффициенті төмен қос қабатты шыны пакет). Кілтті құлпы бар.
Жарықтандыру
Есік ашылған кезде автоматты түрде қосылатын және панельде механикалық (қолмен қосатын) ажыратқышы бар жарықдиодты (LED) жарықтандыру (энергияны 70%-ға дейін үнемдейді).
Ішкі жабдықталуы
Scotch-brite тот баспайтын болатынан жасалған, алмалы-салмалы және биіктігі реттелетін 8 сөре.
Температуралық режим
Баптау ауқымы: +2°C-тан +12°C-қа дейін. Зауыттық баптау: +4°C. Цифрылық реттеу қадамы: 0,1°C.
Суыту жүйесі
Герметикалық дыбыссыз және жоғары тиімді компрессор; желдетілетін конденсатор (соның ішінде тропикалық елдерге де жарамды). Ішкі желдетілетін буландырғыш. Температураның барынша біркелкілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған ауаны мәжбүрлі суыту жүйесі. Есіктер ашылған кезде буландырғыш желдеткіші өшіріледі. Хладагент — экологиялық қауіпсіз R290 газы (CFC/HCFC-сіз).
Еріту (Размораживание)
Толық автоматты түрде еріту циклі және конденсаттың автоматты түрде булануы.