Конструкциясы
Коррозияға қарсы өңдеуден өткен және ПВХ-жабыны бар, ыстықтай мырышталған болаттан жасалған сыртқы корпус. Ішкі камерасы Scotch-brite тот баспайтын болатынан дайындалған.
Оқшаулау (Изоляция)
Термооқшаулау қалыңдығы — 60 мм. Өнімдердің тамаша сақталуы және барынша энергия үнемдеу үшін құрамында CFC (фреон) жоқ, тығыздығы жоғары пенополиуретанды айдау (бүрку) арқылы жасалған.
Есігі
Төрт жағынан магнитті тығыздағышы бар, өздігінен жабылатын шыны есік (сәулелену коэффициенті төмен қос қабатты шыны пакет). Оң жаққа ашылады (сұраныс бойынша сол жаққа ашылатын түрі жасалады). Кілтті құлпы бар.
Жарықтандыру
Есік ашылған кезде автоматты түрде қосылатын және панельде механикалық (қолмен қосатын) ажыратқышы бар жарықдиодты (LED) жарықтандыру (энергияны 70%-ға дейін үнемдейді).
Ішкі жабдықталуы
Scotch-brite тот баспайтын болатынан жасалған, алмалы-салмалы және биіктігі реттелетін 4 сөре.
Температуралық режим
Баптау ауқымы: +2°C-тан +12°C-қа дейін. Зауыттық баптау: +4°C. Цифрылық реттеу қадамы: 0,1°C.
Суыту жүйесі
Герметикалық дыбыссыз компрессор және желдетілетін конденсатор. Ауаны мәжбүрлі суыту жүйесі есік жиі ашылған жағдайда да температураның жоғары тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Есік ашылған кезде буландырғыш желдеткіші өшіріледі. Хладагент — экологиялық қауіпсіз R290 газы.
Еріту (Размораживание)
Толық автоматты түрде еріту циклі және конденсаттың булануы.