В разработке...

Frimed FS20V тоңазытқышы

Желдеткіші бар ауа конденсаторымен жиынтықталған толық герметикалық, дыбыссыз және жоғары тиімді компрессор (соның ішінде тропиктік климаты бар елдерде пайдалануға жарамды). Ішкі желдетілетін буландырғыш. Есікті жиі ашқан жағдайдың өзінде тоңазытқыш камерасының ішіндегі температураның барынша біркелкілігі мен тұрақтылығына қол жеткізу үшін әзірленген ауаны мәжбүрлі салқындату жүйесі. Есікті ашқан кезде буландырғыш желдеткіші автоматты түрде өшеді. Құрамында хлорфторкөміртектер (ХФУ/ГХФУ) жоқ, экологиялық қауіпсіз R290 хладагенті (газы).











Конструкциясы
Сыртқы корпусы коррозияға қарсы өңделген және қорғаныш ПВХ үлдірімен қапталған ыстықтай мырышталған болаттан жасалған. Ішкі камера беті ажарланған Scotch-Brite типті тот баспайтын болаттан орындалған.
Жылу оқшаулауы
Қалыңдығы 60 мм жоғары тиімді жылу оқшаулау құрамында ХФУ жоқ жоғары тығыздықты полиуретанды көбікті құю әдісімен орындалған, бұл өнімнің тамаша сақталуына және максималды энергия үнемдеуге кепілдік береді.
Есігі
Мінсіз герметизацияны қамтамасыз ету үшін бүкіл периметрі бойынша бүктелетін магниттік тығыздағышы бар, өздігінен жабылатын шыны есік (төмен эмиссиялы шыныдан жасалған қос қабатты шыны пакет). Стандартты орындалуы — оң жаққа ашылады, сол жаққа ашылатын түрі — тапсырыс бойынша жасалады. Кілтті құлыппен жабдықталған.
Жарықтандыруы
Есікті ашқан кезде автоматты түрде қосылатын жарықдиодты (LED) жарықтандыру (энергияны 70%-ға дейін үнемдеу). Басқару панелінде қолмен басқаруға арналған қосқыш қарастырылған.
Сөрелері
Беті ажарланған Scotch-Brite тот баспайтын болаттан жасалған, биіктігі бойынша реттелетін 3 алынбалы сөре.
Температуралық диапазоны
Реттеу диапазоны: +2 °C-тан +12 °C-қа дейін. Зауыттық баптауы: +4 °C. 0,1 °C қадаммен сандық реттеу.
Салқындату жүйесі
Желдеткіші бар ауа конденсаторымен жиынтықталған толық герметикалық, дыбыссыз және жоғары тиімді компрессор (соның ішінде тропиктік климаты бар елдерде пайдалануға жарамды). Ішкі желдетілетін буландырғыш. Есікті жиі ашқан жағдайдың өзінде камера ішіндегі температураның барынша біркелкілігі мен тұрақтылығына қол жеткізу үшін әзірленген ауаны мәжбүрлі салқындату жүйесі. Есікті ашқан кезде буландырғыш желдеткіші автоматты түрде өшеді. Құрамында ХФУ/ГХФУ жоқ, экологиялық қауіпсіз R290 хладагенті.
Мұз еріту (Размораживание)
Толық автоматты мұз еріту (еріту) циклі және еріген судың (конденсаттың) автоматты түрде булануы.
Техникалық сипаттамалар
Сыйымдылығы / Көлемі
200 литр.
Кернеу
230 В / 50 Гц (тапсырыс бойынша трансформаторлар: 230 В / 60 Гц, 115 В / 60 Гц).
Тұтынылатын қуат
155 Ватт.
Хладагент / Газ
Құрамында ХФУ/ГХФУ жоқ, экологиялық қауіпсіз R290 хладагенті.
Шу деңгейі
45 дБ-ден кем.
Басқару панелі және дабыл жүйесі
Таңдау үшін екі орындалу нұсқасы қолжетімді:
LGK-2 digital сандық басқару панелі.
TP-1 full touch сенсорлы басқару панелі.
Мәліметтерді тіркеуіш
Температураны және апаттық сигналдар архивін жазуға арналған. Сақталған мәліметтерді USB флеш-жинақтағышына экспорттау.
Стандартты жиынтықталымы
  • 3 сөре.
  • Реттелетін тұрақтандырғыш тіректері (аяқшалары) бар төрт бір бағытты дөңгелек.
  • Кілтті құлып.
  • Стандартты Schüko типті ашасы бар қуат кабелі (немесе тапсырыс бойынша британдық ашамен).
  • Қорғаныс балқымалы сақтандырғыштары (қуат қосқышында және бас электрондық платада).
  • Кедергілерді басатын RFI сүзгісі.
  • Құпия сөзбен қорғалған қуат қосқышы және аспаптың инженерлік баптаулары.
  • Кірістірілген апаттық дабыл жүйесі бар электрондық басқару панелі.
  • Апаттық сигналды сыртқы бақылау жүйелеріне шығаруға арналған қашықтан басқару контактісі (құрғақ контакт, потенциалсыз).
  • Графиктер мен мәліметтер жазбаларын жүктеп алуға арналған USB порты бар мәліметтерді тіркеуіш (дата-логгер).
  • Соңғы апаттық сигналдардың энергияға тәуелсіз жады (экранға тізім түрінде шығарылады).
Аспаптың сыртқы габариттері және таза салмағы
600×600×1560 (ені × тереңдігі × биіктігі, мм) — салмағы: 86 кг.
Қаптама габариттері және тасымалдау кезіндегі салмағы
Тұғырықтағы картон қорап: 700×700×1770 (е × т × б, мм) — салмағы: 93 кг.
Ағаш жәшік (тапсырыс бойынша опция):
790×740×1960 (е × т × б, мм) — салмағы: 138 кг.
Жабдықтың техникалық директиваларға сәйкестігі:
2014/35/UE Төмен кернеулі жабдықтар жөніндегі директивасы, 2014/30/UE Электромагниттік үйлесімділік жөніндеге директивасы.

Аксессуарлар
Қосымша опциялар мен аксессуарлар (Optional accessories)
  • Шарлы мойынтіректердегі телескоптық бағыттағыштары және мөлдір алдыңғы панелі бар, беті ажарланған Scotch-Brite тот баспайтын болаттан жасалған жылжымалы жәшіктер (4 данаға дейін).
  • Жылжымалы жәшіктерге арналған ішкі бөлгіштер (қалқалар).
  • Қосымша сөре.
  • Ерінеулері бар тұтас сөре.
  • Екі алдыңғы дөңгелегінде бекіткіштері бар дөңгелектер (тежегіші бар роликтер).
  • 52 дискілік диаграммамен және жазатын қауырсынмен жиынтықталған, 1,5 В батареядан қуат алатын механикалық апталық өздігінен жазғыш (температураны тіркеуіш).
  • Электр қуаты өшіп қалған жағдайда температураны көрсету және апаттық сигналдарды беру үшін басқару панелін қуатпен қамтамасыз ететін 12 В резервтік аккумулятор (LGK-2 панелі үшін) немесе қайта зарядталатын батареялар (TP-1 full touch панелі үшін).
  • Күнін, уақытын, камерадағы температураны және ақаулық түрін көрсете отырып, ұялы телефондарға апаттар туралы SMS-хабарламаларды жіберуге арналған GSM модулі (LGK-2 панелі үшін).
  • Аспаптың дұрыс жұмыс істеуін бақылау мақсатында оны ДК-ге қосуға арналған LAN порты (Ethernet) (LGK-2 панелі үшін).
  • Қашықтан басқаруға арналған Cloud system бұлттық жүйесі (TP-1 full touch панелі үшін).
  • Тәуелсіз қорғаныс термостаты (DIN 13277 стандартына сәйкестікке).
  • Пайдаланушының сыртқы температуралық датчигін енгізуге арналған технологиялық саңылау (Ø 25 мм).
  • Электрондық сандық кодты құлык (TP-1 full touch панелі үшін).
  • 115 В / 60 Гц электр қорегі параметрлері бар орындалуы.
Made on
Tilda