Конструкциясы
Коррозияға қарсы өңдеуден өткен және ПВХ-үлдірмен қапталған, ыстықтай мырышталған болаттан жасалған сыртқы корпус. Ішкі камерасы Scotch-brite тот баспайтын болатынан орындалған.
Оқшаулау (Изоляция)
Оқшаулау қалыңдығы 60 мм. Өнімдердің тамаша сақталуы және барынша энергия үнемдеу үшін құрамында фреоны жоқ, тығыздығы жоғары пенополиуретанды айдау (бүрку) арқылы алынған.
Есігі
Төрт жағынан магнитті тығыздағышы бар, өздігінен жабылатын шыны есік (сәулелену коэффициенті төмен қос қабатты шыны пакет). Оң жаққа ашылады (сұраныс бойынша сол жаққа ашылатын түрі жасалады). Кілтті құлпы бар.
Жарықтандыру
Есік ашылған кезде автоматты түрде қосылатын жарықдиодты (LED) жарықтандыру (энергияны 70%-ға дейін үнемдейді). Басқару панелінде механикалық (қолмен қосатын) ажыратқышы бар.
Сөрелері
Scotch-brite тот баспайтын болатынан жасалған, алмалы-салмалы және биіктігі реттелетін 4 сөре.
Температуралық режим
Баптау ауқымы: +2°C-тан +12°C-қа дейін. Зауыттық баптау: +4°C. Түзету қадамы 0,1°C болатын цифрлық реттеу.
Суыту жүйесі
Толық герметикалық дыбыссыз компрессор және желдетілетін конденсатор. Ауаны мәжбүрлі суыту жүйесі есік жиі ашылған жағдайда да температураның барынша біркелкілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Есік ашылған кезде буландырғыш желдеткіші өшіріледі. Хладагент — экологиялық қауіпсіз R290 газы.
Еріту (Размораживание)
Толық автоматты түрде еріту циклі және конденсаттың автоматты түрде булануы.