ВЭЖХ-ға арналған дейтерий (D₂) шамдары — қызмет ету мерзімі ұзартылған
Long Life нұсқасында қолжетімді жоғары өнімді жарық көздері.
InfinityLab сериясының ультракүлгін шамдары
RFID технологиясымен жабдықталған, ол сериялық нөмірді, тұтандыру санын және жұмыс уақытын бақылауға мүмкіндік береді. Бұл пайдалану ыңғайлылығын арттырып, техникалық қызмет көрсетуді жеңілдетеді және ақауларды тиімді анықтауға көмектеседі.
Сонымен қатар,
Agilent компаниясы белгілі бір детекторлар үшін
көрінетін спектрге арналған вольфрам шамдарын (950 нм-ге дейін) және
флуоресценттік детекцияға арналған ксенон шамдарын ұсынады.
Agilent шамдары
ISO 9001 стандартына сәйкес сертификатталған өндірістік алаңдарда дайындалады және өндірістің барлық кезеңдерінде толық қадағаланады. Әрбір шам жеке сынақтан өткізіліп,
Certificate of Analysis сертификатымен бірге жеткізіледі. Бұл құжат шамның
Agilent компаниясының қатаң өнімділік талаптарына толық сәйкес келетінін растайды.
- Негізгі артықшылықтары мен технологияларыҚатаң сапа бақылауы – әрбір дейтерий (D₂) шамы міндетті түрде шу деңгейі мен сигнал дрейфіне, жұмыс кернеуіне, жарық қарқындылығына және оптикалық туралау дәлдігіне (alignment) тексеріледі.
- Ұзартылған қызмет ету мерзімі – катодты жабудың жетілдірілген технологиясын қолдану шамдардың пайдалану ресурсын едәуір арттырды.
- Жоғары сигнал/шу арақатынасы – тарылған апертура (саңылау) конструкциясының арқасында жарық қарқындылығы артып, шу деңгейі төмендейді. Бұл өте төмен концентрацияларда да анық әрі сенімді сигнал алуға мүмкіндік береді.
- Жоғары сезімталдық – Agilent шамдарының жоғары жарық шығару тиімділігі 2000 сағаттан астам пайдалану мерзімі ішінде микроіздік деңгейдегі (trace levels) заттарды сенімді анықтауға мүмкіндік береді.