В разработке...

IPP1400eco суытқыш инкубаторы

Memmert компаниясының заманауи жетілдірілген Пельтье технологиясының (Advanced Peltier Technology) арқасында IPPeco моделі өз класындағы ең энергия тиімді және сонымен бірге ең қуатты суытқыш инкубатор болып табылады.
Ұқсас аспаптармен салыстырғанда, оның қызу, суыту және жұмыс параметрлерін қалпына келтіру уақыты айтарлықтай қысқарды. Пельтье элементтеріндегі суытқышы бар Memmert инкубаторы пайдалану шығындарын азайтады, үлгілердің жоғары сапасына кепілдік береді және микробиологиялық зертханадағы жұмысты едәуір тиімдірек етеді.

Қауіпсіздік
  • Температураны бақылау: температураның көтерілуін реттелетін электронды бақылау (мониторинг).
  • Температураны шектегіш: механикалық температура шектегіш.
  • Автодиагностика: ақауларды талдаудың кірістірілген жүйесі.
Қыздыру тұжырымдамасы
  • Peltier технологиясы: Пельтье элементтері негезіндегі энергияны үнемдейтін қыздыру және суыту жүйесі.
  • Орналасуы: артқы панельге біріктірілген (жылу сорғысы принципі).

Стандартты жабдықталуы
  • Калибрлеу: +10 °C, +25 °C және +40 °C температураларына арналған зауыттық калибрлеу сертификаты.
  • Сыртқы есіктері: шыны секциялары бар, тот баспайтын болаттан жасалған есіктер.
  • Ішкі шынылары: толық шолулы шыны есікке біріктірілген, толық жылытылатын ішкі шыны панельдер.
  • Құлып: екі нүктелі бекіткіш (қыспалы құлып).
  • Жабдықтар: электрлік жылтыратылған тот баспайтын болаттан жасалған 4 тор көзді сөре.

Тот баспайтын болаттан жасалған ішкі камера (кеңістік)
  • Өлшемдері (Е x Б x Т): 1250 x 1450 x 750 мм (Пельтье желдеткішіне байланысты тереңдігі 32 мм-ге азайтылған).
  • Көлемі: 1360 л.
  • Сөрелердің макс. саны: 28.
  • Камераға түсетін макс. жүктеме: 250 кг.
  • Бір сөреге түсетін макс. жүктеме: 30 кг.

Текстураланған тот баспайтын болаттан жасалған корпус
  • Өлшемдері (Е x Б x Т): 1435 x 1913 x 905 мм (есік тұтқасы есебінен тереңдігі 56 мм-ге және Пельтье элементі есебінен 111 мм-ге ұлғайтылған).
  • Монтаждау (орнату): биіктігі бойынша реттелетін, бекіткіші бар бұрылмалы дөңгелектерге (роликтерге) орнату.
  • Артқы панель: мырышталған болат.

Электрлік параметрлері
  • 1-нұсқа: 230 В, 50/60 Гц, электрлік қуаты шамамен 1300 Вт.
  • 2-нұсқа: 115 В, 50/60 Гц, электрлік қуаты шамамен 1300 Вт.

Қоршаған орта шарттары
  • Орнату: артқы қабырғадан ғимарат қабырғасына дейінгі қашықтық — 15 см-ден кем емес.
  • Саңылаулар: жоғарыдан — 20 см-ден кем емес, бүйір жағынан қабырғаларға немесе көршілес аспаптарға дейін — 5 см-ден кем емес.
  • Ауа температурасы: 16 ºC-тан 40 ºC-қа дейін.
  • Ауа ылғалдылығы: салыстырмалы ылғалдылық макс. 70 %, конденсациясыз.
  • Орнату биіктігі: теңіз деңгейінен макс. 2000 м.
  • Асқын кернеу санаты: II.
  • Ластану дәрежесі: 2.

Тасымалдау және қаптау деректері
  • Тасымалдау: аспаптарды тік күйде тасымалдау қажет.
  • СЭҚ ТН коды (Код ТН ВЭД): 8419 8998.
  • WEEE тіркеу нөмірі: DE 66812464.
  • Қораптағы өлшемдері (Е x Б x Т): шамамен 1560 x 2200 x 1190 мм.
  • Нетто салмағы: шамамен 345 кг.
  • Қораптағы брутто салмағы: шамамен 523 кг.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР
Температура
  • Реттеу диапазоны: 0-ден +70 °C-қа дейін.
  • Жұмыс диапазоны (жарықсыз): 0 °C-тан (қоршаған орта температурасынан кем дегенде 20 °C төмен) +70 °C-қа дейін.
  • Реттеу дәлдігі: 0,1 °C.
  • Температура датчигі: 4 сымды схема бойынша жалғанған 1 дана Pt100 датчигі (DIN, А класы).

Басқару технологиясы
  • Басқару панелі: SingleDISPLAY ControlCOCKPIT.
  • Контроллер түрі: адаптивті көпфункционалды цифрлық PID-микропроцессорлық контроллер.
  • Дисплей: жоғары ажыратымдылықты 1 түрлі-түсті TFT-дисплей.
  • Тіл параметрлері: неміс, ағылшын, испан, француз, поляк, чех, мажар (венгр), италия, қытай тілдері.
  • Таймер: мақсатты уақытты орнату мүмкіндігі бар цифрлық кері санақ есептегіші (1 минуттан 99 күнге дейін).
  • SetpointWAIT функциясы: процесс уақытын санау белгіленген температураға жеткеннен кейін ғана басталады.
  • Калибрлеу: еркін таңдалатын үш температура мәні бойынша.
  • Реттелетін параметрлер: температура (°C немесе °F), бағдарлама уақыты, уақыт белдеулері, жазғы/қысқы уақытқа көшу.

Желдету
  • Конвекция: Пельтье желдеткішінің көмегімен мәжбүрлі желдету.
Байланыс және құжаттама
  • Деректерді архивтеу: электр қуаты өшіп қалған жағдайда бағдарлама жадта сақталады.
  • Бағдарламалық жасақтама: Ethernet интерфейсі арқылы деректерді тіркеуішті (дата-логгерді) оқу, басқару және ұйымдастыру үшін AtmoCONTROL БЖ (жүктеп алу үшін уақытша сынақ нұсқасы қолжетімді).
  • Опция: AtmoCONTROL БЖ бар USB-дискісі аксессуар ретінде қолжетімді (сұраныс бойынша).
Product specification
ӘДЕБИЕТ
Made on
Tilda