В разработке...

Пельтье салқындатқышы бар инкубатор IPP750eco

Memmert компаниясының заманауи жетілдірілген Пельтье технологиясының (Advanced Peltier Technology) арқасында, IPPeco моделі өз класындағы ең энергия тиімді және сонымен бірге ең қуатты салқындатқыш инкубатор болып табылады.
Ұқсас аспаптармен салыстырғанда, оның қыздыру, суыту және жұмыс параметрлерін қалпына келтіру уақыты айтарлықтай қысқарды. Пельтье элементтерімен салқындатылатын Memmert инкубаторы пайдалану шығындарын азайтады, үлгілердің жоғары сапасына кепілдік береді және микробиологиялық зертханадағы жұмысты айтарлықтай тиімдірек етеді.

Қауіпсіздік
  • Температураны бақылау: реттелетін электронды температураның көтерілуін мониторингтеу жүйесі.
  • Температура шектегіші: механикалық температура шектегіші.
  • Автодиагностика: ақауларды талдаудың кірістірілген жүйесі.
Қыздыру тұжырымдамасы
  • Peltier технологиясы: энергияны үнемдейтін Пельтье қыздыру және суыту жүйесі.
  • Орналасуы: артқы панельге біріктірілген (жылу сорғысы принципі).
Стандартты жабдықталуы
  • Калибрлеу: +10 °C, +25 °C және +40 °C температураларына арналған зауыттық калибрлеу сертификаты.
  • Ішкі есіктер: шыны ішкі есіктер.
  • Сыртқы есіктер: екі нүктелі құлыптау жүйесі (прижимдік құлып) бар толық оқшауланған тот баспайтын болаттан жасалған есіктер.
  • Жабдықталуы: 2 электрлі жылтыратылған тот баспайтын болаттан жасалған тор.
Тот баспайтын болаттан жасалған ішкі кеңістік
  • Өлшемдері (Е x Б x Т): 1040 x 1200 x 600 мм (тереңдігі Пельтье желдеткішіне байланысты 32 мм-ге азайтылған).
  • Көлемі: 749 л.
  • Сөрелердің ең көп саны: 14.
  • Камераға түсетін ең жоғары жалпы жүктеме: 200 кг.
  • Сөреге түсетін ең жоғары жүктеме: 30 кг.
Текстураланған тот баспайтын болаттан жасалған корпус
  • Өлшемдері (Е x Б x Т): 1224 x 1720 x 755 мм (тереңдігі есік тұтқасы есебінен 56 мм-ге және Пельтье элементі есебінен 111 мм-ге ұлғайтылған).
  • Монтаждау: бекіткіштері (тежегіштері) бар бұрылмалы дөңгелектерге (роликтерге) орнату.
  • Артқы панель: мырышталған болат.
Электрлік параметрлері
  • 1-нұсқа: 230 В, 50/60 Гц, электрлік қуаты шамамен 1300 Вт.
  • 2-нұсқа: 115 В, 50/60 Гц, электрлік қуаты шамамен 1300 Вт.
Қоршаған орта шарттары
  • Орнату: артқы қабырғадан ғимарат қабырғасына дейінгі қашықтық — 15 см-ден кем емес.
  • Аралықтар: жоғарыдан — 20 см-ден кем емес, қабырғаларға немесе көрші аспаптарға дейінгі бүйірлік аралық — 5 см-ден кем емес.
  • Ауа температурасы: 16 ºC-тан 40 ºC-қа дейін.
  • Ауа ылғалдылығы: салыстырмалы ылғалдылық ең көп дегенде 70%, конденсациясыз.
  • Орнату биіктігі: теңіз деңгейінен ең көп дегенде 2000 м.
  • Артық кернеу санаты: II.
  • Ластану дәрежесі: 2.
Тасымалдау және қаптау мәліметтері
  • Тасымалдау: аспаптарды тік күйде тасымалау қажет.
  • СЭҚ ТН коды: 8419 8998.
  • WEEE тіркеу нөмірі: DE 66812464.
  • Қораптағы өлшемдері (Е x Б x Т): шамамен 1330 x 1910 x 1050 мм.
  • Нетто салмағы: шамамен 208 кг.
  • Қораптағы брутто салмағы: шамамен 274 кг.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР
Температура
  • Реттеу диапазоны: 0-ден +70 °C-қа дейін.
  • Жұмыс диапазоны (жарықпен): +10-ден +40 °C-қа дейін.
  • Жұмыс диапазоны (жарықсыз): 0 °C-тан (қоршаған орта температурасынан кем дегенде 20 °C төмен) +70 °C-қа дейін.
  • Реттеу дәлдігі: 0,1 °C.
  • Температура датчигі: 4 сымды схемадағы 1 Pt100 датчигі (DIN, А класы).
Басқару технологиясы
  • Басқару панелі: SingleDISPLAY ControlCOCKPIT.
  • Контроллер түрі: бейімделгіш көпфункционалды цифрлық PID-микропроцессорлық контроллер.
  • Дисплей: ажыратымдылығы жоғары 1 түрлі түсті TFT-дисплей.
  • Тіл параметрлері: неміс, ағылшын, испан, француз, поляк, чех, мажар (венгр), итальян, қытай тілдері.
  • Таймер: нысаналы уақытты орнататын цифрлық кері санақ есептегіші (1 минуттан 99 күнге дейін).
  • SetpointWAIT функциясы: процесс уақытын санау белгіленген температураға жеткеннен кейін ғана басталады.
  • Калибрлеу: еркін таңдалатын үш температура мәні бойынша.
  • Реттелетін параметрлер: температура (°C немесе °F), бағдарлама уақыты, уақыт белдеулері, жазғы/қысқы уақытқа көшу.
Желдету
  • Конвекция: Пельтье желдеткішінің көмегемен мәжбүрлі желдету.
Байланыс және құжаттама
  • Мәліметтерді мұрағаттау: қуат өшіп қалған жағдайда бағдарлама жадта сақталады.
  • Бағдарламалық жасақтама: Ethernet интерфейсі арқылы деректер тіркеуішін (дата-логгерді) оқу, басқару және жүйелеуге арналған AtmoCONTROL БЖ (уақытша сынақ нұсқасын жүктеп алуға болады).
  • Опция: AtmoCONTROL БЖ бар USB жинақтағышы аксессуар ретінде қолжетімді (сұраныс бойынша).
Product specification
ӘДЕБИЕТ
Made on
Tilda