В разработке...

Pulse101A

Pulse101A — бұл импульстердің ықшам деректер тіркеуіші (регистраторы). Жиынтыққа сәйкестік сертификаты кіреді.

Негізгі ерекшеліктері:
Ықшам өлшем
Батареяның қызмет ету мерзімі — 10 жыл
Жадының сыйымдылығы — 1 000 000-нан астам жазба

Pulse101A — бұл белгілі бір уақыт аралығында орын алатын оқиғаларды дәл өлшеуге және тіркеуге арналған импульстердің ықшам деректер тіркеуіші (регистраторы). Құрылғы көптеген ауыстырып-қосқыштармен (переключательдермен), есептегіштермен және түрлендіргіштермен үйлесімді.
Pulse101A 10 кГц-ке дейінгі максималды импульс жиілігін қолдайды, бұл әртүрлі қолданыс салаларындағы жылдам оқиғаларды тіркеуге мүмкіндік береді. Батареяның қызмет ету мерзімі 10 жылға дейін жететіндігі және 1 047 552 жазбаға арналған жадының арқасында құрылғыны ұзақ мерзімді бақылау (мониторинг) үшін пайдалануға болады.
Pulse101A іске қосу, тоқтату және деректерді жүктеуді қарапайым әрі ыңғайлы ететін MadgeTech 4 бағдарламалық жасақтамасының ең жаңа нұсқасымен толық үйлесімді. Бағдарламалық жасақтама талдау үшін графиктік, кестелік және жиынтық деректерді ұсынады, сондай-ақ нәтижелерді реттелетін инженерлік бірліктерде көрсетуге мүмкіндік береді.

Pulse101A — 901312-00
Pulse101A | Замена батареи
Pulse101A | Разница между событием, состоянием и Импульсом
Pulse101A Пайдаланушы нұсқаулығы
Pulse101A Техникалық сипаттама
Made on
Tilda