В разработке...

Russell AMPro® елеуіш станциясы

Біздің тұйық контурлы өңдеу жүйелеріміздің көмегімен аддитивті өндіріске арналған ұнтақ материалдарды қалпына келтіріңіз, сұрыптаңыз және қайта пайдаланыңызRussell AMPro® Sieve Station Connect жүйесі ұнтақтармен жұмыс істеу стратегияңыздың ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ол әмбебаптылық пен автоматтандырудың жоғары деңгейін біріктіреді. Ол елеудің максималды тиімділігіне қол жеткізу үшін әзірленген және ұнтақтың әрдайым пайдалануға немесе қайта қолдануға дайын болуына кепілдік береді.Жаңа plug-and-play функциясы қосымша перифериялық құрылғыларды қосу есебінен 3D‑принтерлер паркін оңай кеңейтуге немесе ұнтақ шығынын арттыруға мүмкіндік береді. Бұлттық мониторинг деректерге қашықтан қол жеткізуді, сондай-ақ техникалық қолдау мен жабдықты диагностикалауды қамтамасыз етеді.

Ерекшеліктері мен артықшылықтары
  • Айқас ластанудың алдын алу
  • Russell Compact Sieve® ықшам елеуіш технологиясы құрал-саймандарды қолданбай-ақ жанасатын бөлшектерді жылдам әрі оңай тазалауды қамтамасыз етеді
  • Ұнтақтың максималды шығымы
  • Спецификацияға сәйкес келмейтін барлық ұнтақты кетіріңіз және пайдалануға жарамды ұнтақтың максималды көлемін жедел түрде бөліп алыңыз
  • Толық модульдік жүйе
  • Жүйе қазір де, болашақта да әртүрлі перифериялық құрылғыларға, соның ішінде принтерлерге, сусымалы материалдарды сақтауға арналған резервуарларға, ұнтақты кетіру станцияларына және тиеу бункерлеріне қосыла алады
  • Оператордың қатысуын барынша азайту
  • Бір түймені басу арқылы ыңғайлы басқарылатын және толық бағдарламалану мүмкіндігі бар толық автоматтандырылған әрі герметикалық жүйе технологиялық процеске бірігуді қамтамасыз етеді және операторға әсер ету қаупін барынша азайтады


Аддитивті өндіріс саласының ұнтақтарды қалпына келтіру саласындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру
«Plug-and-play» принципі бойынша қосылу және кеңейтілген қосылым мүмкіндіктері
Жаңа Connect конструкциясы екі негізгі элементті қамтиды. «Plug-and-play» функциясы жүйенің икемді конфигурациясын қамтамасыз етеді, бұл 3D‑принтерлер паркін оңай кеңейтуге немесе ұнтақ шығынын арттыруға мүмкіндік береді. Кеңейтілген қосылым мүмкіндіктері қашықтан мониторинг жүргізуді және процестерді оңтайландыруды қамтамасыз етеді.OPC UA сияқты зауыттық байланыс хаттамаларына (протоколдарына), сондай-ақ деректерді тіркеу жүйелеріне қосылу ұнтақ шығынын қашықтан оңтайландыруға және материалдың толық қадағалануын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ішіне орнатылған сақтау бункері мен конвейерлік жүйенің арқасында бұл әмбебап ұнтақты басқару жүйесі автономды елеуге арналған Smart Flow™ технологиясымен, сондай-ақ процесті валидациялау (растау) үшін деректерді жинау және тіркеу функцияларымен жабдықталған. Сонымен қатар, 3D‑принтеріңізге тікелей қосылу опциялары қарастырылған, бұл ұнтақты өңдеудің толық тұйық жүйесін құруға мүмкіндік береді.
Типтік қолдану салалары
  • Бастапқы ұнтақты елеу – Өндірістік процеске берілгенге дейін бастапқы ұнтақтың сапасын қамтамасыз ету
  • Басып шығару камерасын тазарту – Жабдықтың бос тұрып қалуын және өндірістік кідірістерді барынша азайту мақсатында басып шығару камерасынан сусымалы ұнтақты тез шығару және елеу
  • Ұнтақты рекуперациялаудың тұйық контуры – 3D‑принтерге тікелей қосылу ұнтақты елеу станциясына тез әрі қауіпсіз тасымалдауды және оның қайта пайдалануға толық дайын күйде принтерге дереу қайтарылуын қамтамасыз етеді
  • Ұнтақты сыйымдылықтан айдау (тасымалдау) – Аддитивті өндіріске арналған ұнтақты пайдаланар алдында оның сапасын қамтамасыз ету үшін тиеу сыйымдылығына оңай қосылу


Кеңейтілген функциялар
  • Гигиеналық және сенімді елеу жүйесі – Өндірісте өзін дәлелдеген Russell Compact Sieve® ықшам елеуіш технологиясын қолданумен
  • Smart Flow™ технологиясы – Процесті толық автоматтандыруды қамтамасыз ететін, зияткерлік (интеллектуалды) өлшеу жүйесі бар ұнтақты беруді автоматты түрде басқарудың патенттелген жүйесі
  • Пайдалану ыңғайлылығы – Жүйе параметрлерін оңай шарлау және мониторингілеу үшін қолдануда интуитивті түсінікті, өлшемі үлкейтілген сенсорлық HMI-экран
  • Жоғары ұтқырлық (мобильділік) – Кеңейтілген қолжетімділігі, жетілдірілген қозғалысты басқаруы және жоғары қызмет көрсету ыңғайлылығы бар жақсартылған компоновка (құрастырылым)


Видео
Made on
Tilda