В разработке...

Russell Compact Airlock Sieve™ пневматикалық құлыпты (бекіткішті) дірілдеуіш елеуіші

Біздің Russell Compact Airlock Sieve™ дірілдеуіш елеуішіміз өніміңіздің сапасын арттырады және операторларыңызды қорғайды. Оның патенттелген TLI пневматикалық қысқыш жүйесі (ағылшын тілінен аударғанда – бұра, қыс және үрле) OEL 5 деңгейінің шекті рұқсат етілген концентрациясына (1 мкг/м³-ден аз) сәйкес қорғанысты қамтамасыз етеді және шаң бөлшектерін дірілдеуіш елеуіштің ішінде ұстап тұрады.Құрал-саймандарды қолданбай-ақ бөлшектеу мүмкіндігі мен оңай тазаланатын беттердің арқасында операторлар жабдықты басқа өнімді өңдеуге тез әрі ыңғайлы қайта баптай алады. Өніммен жанасатын бөлшектерді жылтырату (полирлеу) дәрежесі 0,1 Ra мәніне дейін орындалуы мүмкін және IQ, OQ және PQ валидациялық құжаттамасының толық пакеті ұсынылады. Біз сондай-ақ бірқатар қосымша опцияларды ұсынамыз және құрылғыны сіздің қолданыс аяңызға жеке бейімдей аламыз.

Сипаттамалары мен артықшылықтары
  • Өнім сапасын арттыру
  • ұнтақ тәріздес өніміңізден ірі габаритті қоспаларды (ластануларды) кетіру
  • Тазалау уақытын қысқарту
  • гигиеналық дизайн құрал-саймандарды қолданбай-ақ оңай бөлшектеу мен тазалауды жүргізуге мүмкіндік береді
  • Жоғары өнімділік
  • өткізу қабілеті стандартты дірілдеуіш елеуіштерге қарағанда жоғары, бұл инвестицияның тезірек өтелуіне кепілдік береді
  • Операторды қорғау
  • бірегей пневматикалық қысқыш елеуіштің сенімді герметизациясын қамтамасыз етеді және операторларды өнімнің жылыстауынан (төгілуінен) және зиянды шаңның әсерінен қорғайды


Ең қатаң санитарлық гигиена стандарттарына сәйкес әзірленген
cGMP стандарты бойынша әзірленген бұл елеуіш машина тегіс контурлары мен құрал-саймандарды қолданбай-ақ бөлшектеу мүмкіндігінің арқасында тез және ыңғайлы тазаланады. Бұл жақсартылған санитарлық гигиена көрсеткіштері мен жоғары өнімділікке кепілдік береді.


Жұмыс принципі
Russell Compact Airlock Sieve™ құрылғысы инновациялық конструкцияға ие:
  • Негіздің бүйіріне орнатылған электр қозғалтқышы елеуішке діріл береді
  • Вертикальді-сызықты конструкция елеу дәрежесін арттырады
  • «Бұра, қыс және үрле» пневматикалық қысқышының арқасында ыңғайлы пайдалану
  • Каучукті діріл тіреуіштері жұмыс кезінде шу деңгейін төмендетеді
  • Өніммен жанасатын бөлшектерді оңай тазалаудың арқасында тазалау уақыты қысқарады


Опциялар
Өнімдер ағынын және қоспаларды бақылауға арналған құрылғылар
Елеуіштеріңіз бен сепараторларыңыздың тиімділігін оңтайландырыңыз
Кейбір жағдайларда, әсіресе тексерудің жоғары көлемінде немесе жіктеу (классификациялау) қолданысында, өнім толық еленіп үлгергенге дойын тордан шығып кетуі мүмкін. Материалдар мерзімінен бұрын шығарылған кезде, бұл жақсы сапалы өнімнің ысырап болуына (жоғалуына) әкелуі мүмкін.
Торлы экрандарды сақтау
Russell Frame Guard™ – бұл торлы экрандар мен магнитті сепараторлар пайдаланылмайтын кезде, оларды зақымданудан және ықтимал ластанулардан қорғауға арналған мұқият әзірленген, жоғары сапалы, берік сақтау жүйесі.


Тығыздауыштар мен төсемдер
Тығыздауыштарыңыз бен төсемдеріңіздің жақсы күйде екеніне көз жеткізу арқылы сіз жабдығыңыздың ұзақ қызмет ету мерзімін қамтамасыз етесіз. Көпжылдық тәжірибеміздин арқасында біз қолданыстардың басым бөлігі үшін өнімділік пен сертификаттау талаптарын қанағаттандыратын материалдарды таңдап алдық.



Russell суперқысқышы (суперзажимі) оңтайлы өнімділікті қамтамасыз етеді
Russell Superclamp қысқыштары (патентке өтінім берілген) – бұл тұрақты және біркелкі бекіту қысымын қамтамасыз ететін инновациялық жылдам алынатын қысқыштар.


Магнитті сепаратор
Бақылау елеуіштеріне арналған Russell Easy-Clean Magnetic Separator магнитті сепараторы
Толығымен баспайтын болаттан жасалған бұл магнитті сепаратор құрғақ ұнтақтарды бақылау мақсатында елеу кезінде темір қоспаларының (қоқыстарының) мәселесін толық жоюға арналған.


Russell Vibrastop діріл бәсеңдеткіші (виброгаситель)
Russell Vibrastop™ діріл бәсеңдеткіші – діріл қондырғысын іске қосу және тоқтату кезіндегі шамадан тыс діріл мен шуды басуға арналған дірілдеуіш елеуіштерге (виброситоларға) арналған революциялық жетілдіру. Russell Vibrastop™ діріл бәсеңдеткіші әдеттегі іске қосу құрылғыларының орнын басады және елеуіштердің резонанстық жиілігін бақылайды, бұл олардың дерлік лезде (жарты секунд немесе одан аз уақыт ішінде) тоқтауын қамтамасыз етеді.



Шаңмен күрес және қорғаныс қабықшасы
Қауіпті немесе уытты (токсинді) ұнтақтарды елеу кезінде шаңды бақылау
Операторлардың қауіпті немесе уытты ұнтақтармен жанасу қаупі өте жоғары, әсіресе өнімдерді жүйелі түрде ауыстыру немесе жоспарлы техникалық қызмет көрсету кезінде. Russell Finex компаниясы өнімдерді барынша іште ұстап тұруды және операторлардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған бірқатар жүйелерді ұсынады.



Торды бұғаттаудан босату (тазалау) жүйелері
Ұнтақтың тұрып қалуы немесе тор көздерінің бітелуі (ослепление отверстий) — өнімділікті төмендететін және сапалы өнімнің ысырап болуын арттыратын кең таралған мәселе. Бұл мәселені шешудің бір жолы торды қолмен тазалау болып табылады, бірақ бұл тордың зақымдануына әкелуі мүмкін, сондай-ақ көп уақыт пен еңбекті талап етеді. Russell Finex компаниясы тордың жұмысын оңтайландыруға арналған бірқатар шешімдерді ұсынады және біз елеуіштерді де, ультрадыбыстық деблиндинг (тазалау) жүйелерін де өндіруші әрі жеткізуші жалғыз компания болып табыламыз.
Видео
Made on
Tilda