В разработке...

Russell Compact Self-Loading Sieve™ өздігінен тиелетін ықшам дірілдеуіш елеуіші


Russell Compact Self-Loading Sieve™ өздігінен тиелетін дірілдеуіш елеуіші қоспаларды кетіреді және технологиялық процестің келесі кезеңі үшін ұнтақтарыңызды пневматикалық тасымалдауды, елеуді және түсіруді жүзеге асырады. Ұнтақ және түйіршіктелген өнімдерді оператордың ең аз қатысуымен 5 метрге дейінгі қашықтыққа елеуге және тасымалдауға болады. Russell Compact Self-Loading Sieve™ қондырғысын бөлшектеу үшін ешқандай құрал-сайман қажет емес. Елеуіштің өніммен жанасатын барлық бөлшектері оңай тазаланады, бұл жылдам қайта баптауды және жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді. Бұл вакуумдық және конвейерлік елеуішті өлшемі өте майда (20 микронға дейін) торларда елеуді қамтамасыз ететін Russell Vibrasonic® Deblinding System ультрадыбыстық тор тазалау жүйесімен қосымша жабдықтауға болады. Біз сондай-ақ елеуішті сіздің қолданысыңыз бен қондырғыңыздың ерекшеліктеріне толықтай бейімдей аламыз.

Ерекшеліктері мен артықшылықтары
  • Өнімдеріңіздің сапасын жақсартыңыз
  • Ұнтақтарыңыздан кез келген шамадан тыс (ірі) фракцияны жойыңыз
  • Оператордың ең аз қатысуы
  • Жабық пневматикалық елеу шаң мен будың түзілуіне жол бермейді, операторларды қорғайды және өнімнің ластану қаупін барынша азайтады
  • Қарапайым, тазалауға ыңғайлы конструкция
  • Сүзгілерді автоматты түрде тазалау жүйесі бар жабдық құрал-саймансыз оңай бөлшектеледі және тазаланады
  • Ықшам өлшемдер
  • Жабдыққа минималды габариттік биіктік қажет, бұл оны қолданыстағы өндірістік желілерге орнату кезінде икемділік береді
Бір операция ішінде тасымалдау, елеу және түсіру
Russell Compact Self-Loading Sieve™ сіздің кәсіпорыныңызда орнатуды жеңілдету үшін мобильді рамаға монтаждалған басқару панелімен және вакуумдық сорғымен бірге жеткізіледі.
Жұмыс принципі
Russell Compact Self-Loading Sieve™ дірілдеуіш елеуіші инновациялық дизайнмен ерекшеленеді:
  • Негіздің бүйіріне орнатылған электр қозғалтқышы елеуішке діріл береді
  • Ішіне орнатылған вакуумдық сорғы ұнтақтың елеуішке берілуін қамтамасыз етеді
  • Содан кейін ұнтақ гравитация (тартылыс күші) әсерінен еленіп, қабылдау резервуарына түседі
  • Vibrasonic® Deblinding System қосымша ультрадыбыстық тор тазалау жүйесі ең майда көзді торларда елеуді қамтамасыз етеді
  • Құрал-саймандарсыз бөлшектеу қайта баптауды жылдамдатады
  • Резеңке діріл аспасы (подвескасы) жұмыс кезіндегі шу деңгейін төмендетеді
  • Дірілдеуіш елеуіштің өніммен жанасатын, оңай тазаланатын бөлшектері тазалау уақытын қысқартады
Опциялар
Өнімдер ағынын және қоспаларды бақылауға арналған құрылғылар
Елеуіштеріңіз бен сепараторларыңыздың тиімділігін оңтайландырыңыз
Кейбір жағдайларда, әсіресе тексерудің жоғары көлемінде немесе жіктеу (классификациялау) қолданысында, өнім толық еленіп үлгергенге дейін тордан шығып кетуі мүмкін. Материалдар мерзімінен бұрын шығарылған кезде, бұл жақсы сапалы өнімнің ысырап болуына (жоғалуына) әкелуі мүмкін.
Торлы экрандарды сақтау
Russell Frame Guard™ – бұл торлы экрандар мен магнитті сепараторлар пайдаланылмайтын кезде, оларды зақымданудан және ықтимал ластанулардан қорғауға арналған мұқият әзірленген, жоғары сапалы, берік сақтау жүйесі.
Тығыздауыштар мен төсемдер
Тығыздауыштарыңыз бен төсемдеріңіздің жақсы күйде екеніне көз жеткізу арқылы сіз жабдығыңыздың ұзақ қызмет ету мерзімін қамтамасыз етесіз. Көпжылдық тәжірибеміздің арқасында біз қолданыстардың басым бөлігі үшін өнімділік пен сертификаттау талаптарын қанағаттандыратын материалдарды таңдап алдық.



Russell суперқысқышы (суперзажимі) оңтайлы өнімділікті қамтамасыз етеді
Russell Superclamp қысқыштары (патентке өтінім берілген) – бұл тұрақты және біркелкі бекіту қысымын қамтамасыз ететін инновациялық жылдам алынатын қысқыштар.
Магнитті сепаратор
Бақылау елеуіштеріне арналған Russell Easy-Clean Magnetic Separator магнитті сепараторы
Толығымен баспайтын болаттан жасалған бұл магнитті сепаратор құрғақ ұнтақтарды бақылау мақсатында елеу кезінде темір қоспаларының (қоқыстарының) мәселесін толық жоюға арналған.


Торлы экрандарды сақтау
Russell Frame Guard™ – бұл торлы экрандар мен магнитті сепараторлар пайдаланылмайтын кезде, оларды зақымданудан және ықтимал ластанулардан қорғауға арналған мұқият әзірленген, жоғары сапалы, берік сақтау жүйесі.

Шаңмен күрес және қорғаныс қабықшасы
Қауіпті немесе уытты (токсинді) ұнтақтарды елеу кезінде шаңды бақылау
Операторлардың қауіпті немесе уытты ұнтақтармен жанасу қаупі өте жоғары, әсіресе өнімдерді жүйелі түрде ауыстыру немесе жоспарлы техникалық қызмет көрсету кезінде. Russell Finex компаниясы өнімдерді барынша іште ұстап тұруды және операторлардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған бірқатар жүйелерді ұсынады.



Торды бұғаттаудан босату (тазалау) жүйелері
Ұнтақтың тұрып қалуы немесе тор көздерінің бітелуі — өнімділікті төмендететін және сапалы өнімнің ысырап болуын арттыратын кең таралған мәселе. Бұл мәселені шешудің бір жолы торды қолмен тазалау болып табылады, бірақ бұл тордың зақымдануына әкелуі мүмкін, сондай-ақ көп уақыт пен еңбекті талап етеді. Russell Finex компаниясы тордың жұмысын оңтайландыруға арналған бірқатар шешімдерді ұсынады және біз елеуіштерді де, ультрадыбыстық деблиндинг (тазалау) жүйелерін де өндіруші әрі жеткізуші жалғыз компания болып табыламыз.


Видео
Made on
Tilda