В разработке...

Russell Compact Sieve® дірілдеуіш елеуіші (виброситосы)


Максималды тиімді жұмысқа арналған жоғары өнімді дірілдеуіш елеуіштер (виброситолар)
Russell Compact Sieve® дірілдеуіш елеуіші ұнтақтар мен сұйық суспензиялардан қоспаларды (ластануларды) тез кетіреді. Ол өте тыныш жұмыс істейді, ал оны бөлшектеу үшін ешқандай құрал-сайман қажет емес. Өніммен жанасатын барлық бөлшектерді тазалау оңай, бұл жабдықты жылдам қайта баптауға және өнімділікті арттыруға кепілдік береді. Russell Compact Sieve® қондырғысын орнату үшін әдеттегі дірілдеуіш елеуіш алатын орынның жартысы ғана қажет, демек, біздің жабдықты қолданыстағы өндірістік желілерге оңай біріктіруге болады. Біздің өнеркәсіптік елеуіштеріміз әртүрлі өлшемдерде және нұсқаларда шығарылады. Олар, соның ішінде, ұнтақ субстанцияларды, әртүрлі ұнтақ тәріздес тамақ өнімдерін және ұнтақ бояуларды елеу үшін қолданылады және кез келген өндірістің талаптарын қанағаттандыра алады. Russell Compact Sieve® дірілдеуіш елеуішінің өткізу қабілеті дәл сондай диаметрлі стандартты дірілдеуіш елеуішпен салыстырғанда әлдеқайда жоғары.


Сипаттамалары мен артықшылықтары
  • Өнім сапасын арттыру
  • өніміңізден ірі габаритті қоспаларды (ластануларды) кетіру
  • Өнімділікті арттыру
  • біздің елеуіштеріміздің өткізу қабілеті стандартты дірілдеуіш елеуіштерге қарағанда жоғары
  • Операторларды қорғау
  • жабық конструкцияның арқасында өнім іште сақталады, ал шудың төмен деңгейі жайлы жұмыс жағдайын қамтамасыз етеді
  • Тазалау уақытын қысқарту
  • жылдам ажыратылатын қысқыштардың (зажимдердің) арқасында жабдық тазалау үшін құрал-саймандарды қолданбай-ақ оңай бөлшектеледі
Қарапайым сенімді конструкция
Бұл дірілдеуіш елеуіш (вибросито) барлық ірі габаритті қоспаларды (ластануларды) кетіреді. Бұл өнеркәсіптік елеуіштер әртүрлі нұсқаларда шығарылады. Олар, соның ішінде, ұнтақ субстанциялармен, ұнтақ тәріздес тамақ өнімдерімен және ұнтақ бояулармен жұмыс істеу үшін өте қолайлы және кез келген талаптарды қанағаттандыра алады.


Russell Compact Sieve® жұмыс принципі
Russell Compact Sieve® құрылғысы қарапайым, бірақ инновациялық конструкцияға ие:
  • Негіздің бүйіріне орнатылған электр қозғалтқышы елеуішке діріл береді
  • Вертикальді-сызықты конструкция елеу дәрежесін арттырады
  • Құрал-саймандарды қолданбай-ақ бөлшектеу мүмкіндігі бар ыңғайлы пайдалану
  • Каучукті діріл тіреуіштері жұмыс кезінде шу деңгейін төмендетеді
  • Өніммен жанасатын бөлшектерді оңай тазалаудың арқасында уақыт қысқарады


Опциялар
Өнімдер ағынын және қоспаларды бақылауға арналған құрылғылар
Елеуіштеріңіз бен сепараторларыңыздың тиімділігін оңтайландырыңыз
Кейбір жағдайларда, әсіресе тексерудің жоғары көлемінде немесе жіктеу (классификациялау) қолданысында, өнім толық еленіп үлгергенге дейін тордан шығып кетуі мүмкін. Материалдар мерзімінен бұрын шығарылған кезде, бұл жақсы сапалы өнімнің ысырап болуына (жоғалуына) әкелуі мүмкін.
Торлы экрандарды сақтау
Russell Frame Guard™ – бұл торлы экрандар мен магнитті сепараторлар пайдаланылмайтын кезде, оларды зақымданудан және ықтимал ластанулардан қорғауға арналған мұқият әзірленген, жоғары сапалы, берік сақтау жүйесі.


Тығыздауыштар мен төсемдер
Тығыздауыштарыңыз бен төсемдеріңіздің жақсы күйде екеніне көз жеткізу арқылы сіз жабдығыңыздың ұзақ қызмет ету мерзімін қамтамасыз етесіз. Көпжылдық тәжірибеміздің арқасында біз қолданыстардың басым бөлігі үшін өнімділік пен сертификаттау талаптарын қанағаттандыратын материалдарды таңдап алдық.



Russell суперқысқышы (суперзажимі) оңтайлы өнімділікті қамтамасыз етеді
Russell Superclamp қысқыштары (патентке өтінім берілген) – бұл тұрақты және біркелкі бекіту қысымын қамтамасыз ететін инновациялық жылдам алынатын қысқыштар.


Магнитті сепаратор
Бақылау елеуіштеріне арналған Russell Easy-Clean Magnetic Separator магнитті сепараторы
Толығымен баспайтын болаттан жасалған бұл магнитті сепаратор құрғақ ұнтақтарды бақылау мақсатында елеу кезінде темір қоспаларының (қоқыстарының) мәселесін толық жоюға арналған.
Russell Vibrastop діріл бәсеңдеткіші (виброгаситель)
Russell Vibrastop™ діріл бәсеңдеткіші – діріл қондырғысын іске қосу және тоқтату кезіндегі шамадан тыс діріл мен шуды басуға арналған дірілдеуіш елеуіштерге (виброситоларға) арналған революциялық жетілдіру. Russell Vibrastop™ діріл бәсеңдеткіші әдеттегі іске қосу құрылғыларының орнын басады және елеуіштердің резонанстық жиілігін бақылайды, бұл олардың дерлік лезде тоқтауын қамтамасыз етеді.

(полсекунды или меньше).

Шаңмен күрес және қорғаныс қабықшасы
Қауіпті немесе уытты (токсинді) ұнтақтарды елеу кезінде шаңды бақылау
Операторлардың қауіпті немесе уытты ұнтақтармен жанасу қаупі өте жоғары, әсіресе өнімдерді жүйелі түрде ауыстыру немесе жоспарлы техникалық қызмет көрсету кезінде. Russell Finex компаниясы өнімдерді барынша іште ұстап тұруды және операторлардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған бірқатар жүйелерді ұсынады.


Видео
Made on
Tilda