В разработке...

Sigma 2-16KL салқындатқышы бар центрифугасы


Sigma 2‑16KL салқындатқышы бар центрифугасы — кез келген күнделікті зертханалық міндеттерді орындауға арналған оңтайлы шешім. Бұл әмбебап центрифуганы пайдалану көпфункционалды, сондай-ақ ол өзінің ықшам конструкциясының арқасында кез келген зертханалық бөлмеге оңай орналасады. Роторлар мен аксессуарлардың кең таңдауы жоғары СТК (салыстырмалы центрифугалық күш) мәндерімен (21 913 x g дейін) үйлесе отырып, оны ең әртүрлі мақсаттарда қолдануға мүмкіндік береді.

Sigma 2‑16KL үстел үсті центрифугасын несімен соншалықты тартымды етеді?
Бұрыштық және көлденең (горизонтальді) роторлардың үлкен таңдауының арқасында бұл әмбебап центрифуга ПТР-пробиркаларымен, түбі дөңгелек пробиркалармен, дақылдарға (культураларға) арналған пробиркалармен және микротитрлік планшеттермен жұмыс істей алады. Бұл ауқымды ассортимент гематокриттік ротормен толығады.
Sigma 2‑16KL таңғаларлық сыйымдылыққа ие: көлденең роторда 4 x 100 мл немесе бұрыштық роторда 6 x 50 мл.
Sigma 2‑16KL –10°C-тан +40°C-қа дейінгі температура диапазонында дәл реттелетін жоғары өнімді салқындату жүйесімен жабдықталған. Rapid Temp жылдам салқындату функциясы центрифуга камерасы мен аксессуарларын алдын ала белгіленген температураға дейін суытуға мүмкіндік береді. Бұл үлгілерді қызып кетуден оңтайлы қорғауды қамтамасыз етеді.
Бағдарламалар жадында жылдам шақыру үшін 50-ге дейін әртүрлі хаттаманы (протоколды) сақтауға болады. Таңдауға болатын он үдеу және тежеу қисығы бөлу процестерін оңтайландыруға көмектеседі.
Бұл үлгі салқындатқышы жоқ нұсқада — Sigma 2‑16P, сондай-ақ салқындатқышы және қыздырғышы бар нұсқада — Sigma 2‑16KHL де қолжетімді.
Өнім опциялары
  • Инертті газ беруге арналған ағытпа (разъем)
  • Емханалар мен жасушалық дақылдар (культуралар) зертханаларына арналған шешімдер пакеті
Пайдаланушылар
  • Ауруханалар мен госпитальдар
  • Ветеринариялық емханалар
  • Тамақ өнімдерін тексеретін зертханалар
  • Университеттер мен колледждер
  • Фармацевтикалық зертханалар
  • Жасушалық дақылдар (культуралар) зертханалары


Роторлар
Горизонтальный ротор 11170 +
Стакан 13299
·        4 x 100 мл
·        5 000 об/мин
·        3 969 x g
Горизонтальный ротор 11122 +
Стакан 13222 (для планшетов)
·        2 x 56 мм (макс. высота стопки)
·        3 000 об/мин
·        1 218 x g
Горизонтальный ротор 11124 +
Стакан 13124
·        24 x 2 мл
·        14 000 об/мин
·        16 215 x g
Горизонтальный ротор 11123 +
Стакан 13223 (для планшетов)
·        2 x 50 мм (макс. высота стопки)
·        4 000 об/мин
·        2 111 x g

Жалпы сипаттамалары
broschuer Sigma

ӘДЕБИЕТ
Operating Manual

Made on
Tilda