Sigma 2‑16KL үстел үсті центрифугасын несімен соншалықты тартымды етеді?Бұрыштық және көлденең (горизонтальді) роторлардың үлкен таңдауының арқасында бұл әмбебап центрифуга ПТР-пробиркаларымен, түбі дөңгелек пробиркалармен, дақылдарға (культураларға) арналған пробиркалармен және микротитрлік планшеттермен жұмыс істей алады. Бұл ауқымды ассортимент гематокриттік ротормен толығады.
Sigma 2‑16KL таңғаларлық сыйымдылыққа ие: көлденең роторда 4 x 100 мл немесе бұрыштық роторда 6 x 50 мл.
Sigma 2‑16KL –10°C-тан +40°C-қа дейінгі температура диапазонында дәл реттелетін жоғары өнімді салқындату жүйесімен жабдықталған. Rapid Temp жылдам салқындату функциясы центрифуга камерасы мен аксессуарларын алдын ала белгіленген температураға дейін суытуға мүмкіндік береді. Бұл үлгілерді қызып кетуден оңтайлы қорғауды қамтамасыз етеді.
Бағдарламалар жадында жылдам шақыру үшін 50-ге дойын әртүрлі хаттаманы (протоколды) сақтауға болады. Таңдауға болатын он үдеу және тежеу қисығы бөлу процестерін оңтайландыруға көмектеседі.
Бұл үлгі салқындатқышы жоқ нұсқада — Sigma 2‑16P, сондай-ақ салқындатқышы және қыздырғышы бар нұсқада — Sigma 2‑16KHL де қолжетімді.
Өнім опциялары- Инертті газ беруге арналған ағытпа (разъем)
- Емханалар мен жасушалық дақылдар (культуралар) зертханаларына арналған шешімдер пакеті
Пайдаланушылар- Ауруханалар мен госпитальдар
- Ветеринариялық емханалар
- Тамақ өнімдерін тексеретін зертханалар
- Университеттер мен колледждер
- Фармацевтикалық зертханалар
- Жасушалық дақылдар (культуралар) зертханалары