Temp1000Ex — бұл жарылыс қаупі бар аймақтарда (ATEX, IECEx) жұмыс істеу үшін сертификаттары бар компактты температура тіркегіші.Бұл бірегей тіркегіш келесі жағдайлар үшін ұшқыннан қауіпсіз (искробезопасный) деп сертификатталған:
- Электрлік қорғаныс тұжырымдамалары: ISO/IEC: 60079-11 Ex ia – Ex ic, 0–2 аймақтары үшін ұшқыннан қауіпсіздік
- Жабдықтың қорғаныс деңгейі: Ga – Gc, 0–2 аймақтары
- Газ тобы: IIC
- Температуралық класс: T4
Temp1000Ex температураны -40 °C-тан +80 °C-қа дейінгі (-40 °F-тан +176 °F-қа дейін) ауқымда өлшейді және тіркейді. Дәлдігі: ±0,5 °C (0 °C-тан +55 °C-қа дейін) және ±0,9 °F (+32 °F-тан +131 °F-қа дейін). Құрылғы күні мен уақыты белгіленген 32 767-ге дейін жазбаны сақтай алады және екі нұсқада қолжетімді: тегіс түбі бар немесе сақинаға бекітуге арналған құлақшасы бар.
Temp1000Ex MadgeTech 4 бағдарламалық жасақтамасының соңғы нұсқасымен үйлесімді, бұл деректерді іске қосу, тоқтату және жүктеу процесін қарапайым әрі ыңғайлы етеді. Деректер графикалық, кестелік және жиынтық түрде беріледі және оларды реттелетін инженерлік бірліктерде көрсетуге болады.