В разработке...

TRIO.BAS™ ISOLATOR RABS

  • Тот баспайтын болаттан толықтай жасалған, 1, 2 немесе 3 сателлитке (сыртқы аспирациялық бастиектерге) қосылатын, Bluetooth қолдауы бар және зарядтауға арналған кабелі бар бір сыртқы командалық (басқару) блок.Өнімділігі (ауа ағынының жылдамдығы) минутына 100 немесе 200 литр болатын модификациялар.Кабель арқылы қосылатын аккумуляторға арналған зарядтау құрылғысы (110/240 Вольт).Мәліметтерді сымсыз тасымалдауға арналған Bluetooth модулі.

RABS ISOLATOR жүйесі және сателлиттер AISI 316 маркалы тот баспайтын болаттан жасалған.
Бұл ауа пробоотборнигі сапа стандарттары мен QM/GMP талаптарына сәйкес, персонал ротациясы жоғары және әртүрлі орталарда бақылаудың үлкен көлемін жүргізетін тапсырыс берушілер үшін арнайы әзірленген.
Негізгі тапсырыс берушілер — фармацевтикалық кәсіпорындар, таза бөлмелер және биотехнологиялық өндірістер.
Штрихкодтау модулі Bluetooth қолдауы бар сканердің (штрихкод оқуғыштың) арқасында операторды, бақылау жүргізілетін орынды және сынама алу үшін пайдаланылған Петри тостағандарын автоматты түрде тіркейді. Штрихкод сканері жинаған мәліметтер тікелей аспапқа беріледі. Бұл шешім штрихкоды немесе екі өлшемді коды (QR-коды / Quick Response Code) бар культуральді тостағандарды қолданып жүргендер үшін өте қолайлы.
Мәліметтерді тасымалдау ауа пробоотборнигі мен смартфон немесе планшет (Android базасындағы) арасында, содан кейін ДК немесе ноутбукке Bluetooth арнасы арқылы жүзеге асырылады.
Мәліметтерді кабель арқылы тасымалдау да мүмкін. Бұл ішкі қауіпсіздік саясатына сәйкес сымсыз мәліметтерді тасымалдауды пайдалануға тыйым салынған компаниялар үшін маңызды.
Аспап механикалық (қолмен) режимде де, автоматты режимде де жұмыс істей алады.
Аккумуляторды зарядтау тікелей ауа пробоотборнигіне қосылатын қуат кабелінің көмегімен жүзеге асырылады.
Ауа ағынының 200 л/мин жылдамдығы оператордың жұмыс уақытын және сынама алудың жалпы ұзақтығын қысқартады.
Бұл пробоотборник тек бір сыртқы командалық блоктың көмегімен оқшауланған таза бөлмелерге мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Сателлит-блоктар әрбір таза бөлменің ішінде тұрақты түрде орналасатындықтан, персонал тарапынан болатын контаминация (ластану) қаупі азаяды.
Стерильді «Daily Shift» (бір жұмыс ауысымына арналған) аспирациялық бастиектерін пайдалану айқас ластану қаупін төмендетеді.
1, 2 немесе 3 әртүрлі аспирациялық бастиектерді пайдалану мүмкіндігі бір уақытта 3-ке дейін әртүрлі қоректік орталарды қолдануға немесе жұмыс басталғанға ДЕЙІН (жабдықталған күйде / at rest), жұмыс ІШІНДЕ (жұмыс істеп тұрған күйде / in operation) және әрбір технологиялық циклдің СОҢЫНДА сынама алуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.



Техникалық сипаттамалар
Аксессуарлар
Made on
Tilda